![Украина билігі АЭС-ке шабуыл жасалады деп алаңдауда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34260.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Украинаның энергетика және көмір өндірісі министрлігі елдегі атом электр станцияларының күзет режимін күшейтті. Бұл туралы жұма күні министрлік басшысы Эдуард Ставицкий «Интерфакс-Украина» агенттігіне хабарлаған.
Ол: «Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары АЭС-терге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат таратты», - дейді.
Ставицкий радикалды пиғылдағы азаматтарға: «Шектен шықпаңыздар, егер шектен шықсаңыздар, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді», - деген ескерту жасады.
Ставицкий АЭС қызметкерлерінің шеруге шығуға құқығы жоқ екенін де айтқан. АЭС-терді Украинадағы «Энергоатом» компаниясының әскерилендірілген бөлімі, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскері күзетеді, деп хабарлайды «Азаттық».

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украина билігі АЭС-ке шабуыл жасалады деп алаңдауда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83800/)