![БҰҰ-ның Бас хатшысы украиналықтарды сабырға шақырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34299.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Украина халқын зорлыққа жол бермеуге, сабырға келуге шақырды. Ол халықтың бейбіт жиын мен сөз бостандығына құқығы бар екенін еске салды. Сондай-ақ, жиылған жұртқа мәселені байыппен шешу жөнінде кеңес берді.
«Бас хатшы Украинадағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Ол екі тарапқа да зорлық-зомбылыққа жол берілмес үшін сөз бостандығы мен бейбіт жиынның демократиялық қағидаларын ұстанып, ұстамды болуға кеңес береді»,-делінген Пан Ги Мунның атынан жолданған баспасөз хатшысының хабарламасында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ-ның Бас хатшысы украиналықтарды сабырға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83839/)