![«Википедиядан» енді дауысты да тыңдай аласыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34373.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Википедия» қызметін қолдайтын «Викимедия» қоры Voice Intro Project (WikiVIP) жобасының басталғанын хабарлады. Бұл саясаткерлер, жазушылар, спортшылар, ғалымдар және басқа да танымал тұлғалардың дауыс үлгісін жазуға мүмкіндік береді.
Аудиожазбаны онлайн-энциклопедиядағы әр тұлғаға арналған беттен тыңдауға болады.
Жоба авторы Энди Маббеттің айтуынша, WikiVIP жобасының мақсаты – «Википедия» оқырмандары (келер ұрпақты қоса алғанда) танымал тұлғаның дауысы қандай болғанын және олардың есімін қалай дұрыс айту керектігін біле алады. 10 секундтық әр роликтің мәтіндік үлгісі де бар.
Жобаға алғаш қатысқан – актер әрі жазушы Стивен Фрай. Ағылшын қаламгерінің қысқа дауысын оның «Википедиядағы» ағылшын тіліндегі парақшасынан тыңдауға болады.
WikiVIP-ке кейбір аудиожазбаларды BBC береді. «Викиқоймаға» жүктелген аудиофайлдар арасында актера Бенедикт Камбербэтч, Мьянмадағы демократиялық оппозицияның көшбасшысы Аун Сан Су Чжи, ғаламдық тордың авторы және W3C-тің басшысы Тим Бернерс-Лидің дауыстары бар.
WikiVIP-ке кез келген адам өз үлесін қоса алады. Ол үшін «Википедияда» жеке парақшасы бар танымал адамның дауысын (кез келген тілде) жазып алып, энциклопедия редакторларына жолдаса жеткілікті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Википедиядан» енді дауысты да тыңдай аласыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83913/)