![Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтетін турнирде бақ сынайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34409.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік танымал Tradewise Gibraltar Chess турниріне қатысады.
Жансая ең таңдаулы гроссмейстерлер тобында бақ сынайды. Бұл санатта ол ең жас қатысушы болып саналады. Осымен 12-ші рет өтетін турнирдің гроссмейстерлер санатында әлемнің мықты 253 шахматшысы қатысады.
Бұлардың ішінде осы турнирдің былтырғы жеңімпазы Найджел Шорт, 2012 жылдың жеңімпазы Василий Иванчук, ФИДЕ вице-чемпионы америкалық Гата Камский және әлемнің үздік шахматшыларының бірі Анна Музычук бар.
Швейцариялық жүйемен өтетін турнир он кезеңнен тұрады. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік италиялық Драган Дмитриевичке қарсы тұрады. 28-ші қантардан бастау алатын жарыс ақпанның 6-сы күні өз мәресіне жетеді.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың басында, Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академися ашылған болатын. Ашылу рәсіміне қатысқан құрметті қонақ – Анатолий Карповпен төрт партия ойнаған Жансая, бір парияды жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліп, біреуінде тең түсті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтетін турнирде бақ сынайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83949/)