![«G-Global» халықаралық жобасы ауқымды жиындарда таныстырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76018.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«G-GLOBAL» халықаралық жобасының ауқымы кеңейіп келеді.
Биылдың өзінде қазақстандық жобаны екі маңызды шарада таныстыру жоспарланып отыр.
Оның бірі шілде айында Эфиопияда өтетін халықаралық конференция және қыркүйекте Нью-Йоркте ұйымдастырылатын саммит.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiндегі баспасөз мәслихатында «G-GLOBAL» Халықаралық хатшылығының орынбасары, Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының президенті Мұрат Кәрімсақов мәлiмдеді.
Оның айтуынша, ауқымды жиындар аясында Қазақстанның халықаралық жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылмақ.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«G-Global» халықаралық жобасы ауқымды жиындарда таныстырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8396/)