![Головкин жекпе-жекке дейін көпшіліктің ортасына бармайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34460.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандылық Геннадий Головкин Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жегіне дейін инфекциялық ауруларды жұқтырып алмау үшін адамдар көп жүретін ортаға шықпайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Геннадий денсаулығына қатты көңіл бөледі», - дейді боксшының менеджері Олег Герман. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы қазір үлкен шаралар мен көпшілік ортаға шықпауды жөн көрген.
Естеріңізге сала кетейік, 31-жастағы боксшы 1-ақпанда Монте-Карлода Осуману Адамамен шаршы алаңда кездеседі. Бұл - Геннадий Головкиннің 2014 жылғы алғашқы кездесуі, ал кәсіпқой бокстағы 29-кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Головкин-Адама жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин жекпе-жекке дейін көпшіліктің ортасына бармайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84000/)