![БҰҰ басшысы барлық елді Олимпиада уақытында бітімгерлікке шақырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сочидегі Олимпиада кезінде әлемде қақтығысып жатқан барлық тараптарды әскери әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
«Әскери қақтығыс болып жатқан барлық тараптары олимпиадалық бітім жасауға, БҰҰ-ға мүше 193 елдің барлығы мақұлдаған шешімді құрметтеуге шақырамын», - деп мәлімдеді Пан Ги Мун.
Оның сөзінше, елдер мен халықтар арасындағы алауыздықты олимпиадалық бітім арқылы кем дегенде бір күнге тоқтату - бейбітшілік жол табуға, өркениеттің гүлденуіне және адам құқықтарын құрметтеуге негіз салады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ басшысы барлық елді Олимпиада уақытында бітімгерлікке шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84051/)