![Аяз бен боранға байланысты 5 облыста жол жабық](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34521.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қатты аяз бен боранға байланысты еліміздің 5 облысында жолдар жабылды. Алматы аймағында көктайғақтан Үшарал - Достық, Сарыөзек - Көктал, Алматы - Екатеринбург және Алматы - Астана тасжолдарында қозғалыс тоқтатылды.
Шектеу Ақтөбе облысындағы Ақтөбе - Ор, Самара - Шымкент, Қарабұтақ - Комсомольский, Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз жолдарында да қойылды.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жолдар жабық. Мамандар үскірік аяз бен боран кезінде алыс сапарға шықпауды ескертеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аяз бен боранға байланысты 5 облыста жол жабық&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84061/)