![«Классиканы өлтірмеудің жолы – оны өзгерту»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34598.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, режиссер, халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың иегері – Талғат Теменов «Таңшолпанда» қонақта.
Жақында «Парасат» орденін иеленген режиссер: «Атақ ақылы жоқ адамды ақымақ қылып жібереді. Өз басым атақ-абыройды есім кетіп қабылдамаймын. Себебі, атақтың біразын алдым, алып та жүрмін. Мұны халықтың саған берген қарызы деп түсіну керек. Қазақша айтқанда, бұл – қамшылау. Осы арқылы адам ары қарай қалай жұмыс жасайды, соны байқауға болады».
Талғат Теменов неге әлемдік классиканы өзгертуге әуес деген пікір бар. Бұл турасында режиссер: «Кез келген дүние догма емес. Қазіргі интернеттің, технологияның дамыған заманында Лос-Анджелесте Шекспирдің шығармаларын қалай қойғанын көрдім, Францияда да талай дүниелер бар. Бізде «Қарагөзді» сол 1926 жылы жазылған күйінде қабылдайды. Ол дұрыс емес. Өйткені, қоғам өзгерді, формация өзгерді, сана-сезім өзгерді. Бірнеше буын келді. Сондықтан, классиканы өлтірмеудің жолы – оны бүгінгі күнге сай өзгерту, жандандыру»,-дейді.
Танымал режиссер жылқы жылы туған екен. Бір қызығы, Талғат Теменов жылқы кәдесыйларын жинағанды жақсы көреді: «Бұл жылқыны менің үйімнен, бөлмемнен, жұмысымнан, тіпті сөмкемнен де табуға болады. Осы Жылқы жылы биыл елімізге құт болып келсін деп тілеймін»,-дейді ол.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Классиканы өлтірмеудің жолы – оны өзгерту»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84138/)