![Ұлттық арнада – «Құтқарушы» телехикаясы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34609.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құтқарушылардың күнделікті өміріне арналған туынды көрермендердің сұрауы бойынша Ұлттық арнадан қайтадан көрсетілмек. Экшн жанрында түсірілген телехикая шынайы оқиғалар желісімен түсірілген.
«Құтқарушы» - Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі туралы Қазақстанда түсірілген тұңғыш фильм.
Оған тек кәсіби актерлер ғана емес, сонымен қатар, құтқарушылардың өздері де түсті.
Отандық телехикаяны Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында 19.30-да тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнада – «Құтқарушы» телехикаясы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84149/)