![Қазақ поэзиясында ұлы той](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34628.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жүсіпбек Аймауытов: «Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан. Бірақ, дыбыспен сурет жасауда сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ», дейді.
Ал Сәбит Мұқанов: «Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – сезімнің ақыны», депті. Қазақтың мұң-шерін, қым-қуыт тіршілігін, өмір үшін күресін Мағжан өзгеше жырлады.
«Мағжан – түркі әлеміне ортақ тұлға. Қазақ поэзиясындағы қайталанбас тұлға екендігі өз алдына. Ал жалпы қайраткерлігі, түркі ынтымақтастығына, мұсылман жұртшылығының ынтымақтастығына қатысты ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді»,-дейді филология ғылымдарының докторы Ұлан Еркінбай.
Ақынның мерейтойына өз үлестерін қосып жүрген жастар туралы «Таңшолпаннан» біліңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ поэзиясында ұлы той&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84168/)