![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырауға келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, 6 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы 2013 жылғы 11 қыркүйекте ашылған зияткерлік мектептер желісіне қосылған химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барады деп жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысын Атырау мұнай өңдеу зауытындағы құрылысы жүріп жатқан хош иісті көмірсутегін шығаратын мұнайды барынша өңдеу кешеніне келеді деп күтіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырауға келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84184/)