![«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына 2 триллион теңге инвестиция тартылған – Ілияс Жанғаскин](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76032.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өнеркәсіптік аймақта кәсіпкерлер үшін Үкімет тарапынан арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Инвесторлар корпоративтік және табыс салығынан, сондай-ақ, 10 жылға дейін учаскені жалға алу төлемдерінен, жер салығы мен мүлік салығынан босатылады деп мәлімдеді «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» мекемесінің басшысы Ілияс Жанғаскин.
Бұдан өзге, технологиялық бизнес-инкубациялау жобасы бойынша, өндіріс аймағында 16 инновациялық жоба табысты іске асып, елорда қазынасын молайтқан. Астана күні қарсаңында тағы үш өндіріс нысаны ел игілігіне беріледі деді мамандар.
Нүргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына 2 триллион теңге инвестиция тартылған – Ілияс Жанғаскин&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8424/)