![Алматы базары тағы да өртке оранды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34705.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыдағы «Жұлдыз» көтерме сауда орталығы базарының аумағы тағы да өртке оранды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10.47-де келіп жеткен. Жалын 2 минут уақытта ауыздықталды. Өрт 1,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу салдары анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұлдыз» базары 3 ақпан күні өртеніп, жалпы аумағы 80 шаршы метрді құраған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы базары тағы да өртке оранды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84245/)