![Ғалымдар көңіл күйді көтерудің тәсілін айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34746.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақуыздар мен майлар көңіл күйін көтереді. Британдық мамандардың айтуына қарағанда, адамның көңіл күйі тамақтануға тікелей байланысты болып келеді екен.
Зерттеу барысында олар көңіл күйді көтеретін, сондай-ақ күйзелісті жеңілдететін тағам түрлерін анықтады. Ғалымдар анықтағандай, күйзеліс пен өмірге деген құлшыныстың төмендеуі аминқышқылдарының азаюына тікелей байланысты.
Ал бұндай жағдаймен күресуге ақуызға бай тағамдар: ет, балық, жаңғақтар мен қырыққабат көмектеседі. Көңіл күйді көтеруге септігін тигізетін тағы бір элемент ол - В дәрумендер тобы. Бұл дәрумендер көбінесе бананда, авокадо мен дәнді дақылдарда кездесетін көрінеді, деп жазады rosbalt.ru.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғалымдар көңіл күйді көтерудің тәсілін айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84286/)