![Бүгін – Дүниежүзілік радио күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34802.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін – Дүниежүзілік радио күні. Бұл атаулы күн 2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды.
Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы 13 ақпанда БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосты. Оның станциясы БҰҰ штаб-пәтерінде орналасты.
Дәл осы күні ЮНЕСКО-ға кіретін мемлекеттерде радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бүгін «Қазақстан» РТРК АҚ-на қарасты «Астана» радиосының ұжымына бразилиялық тыңдарманнан құттықтау хат келді.
Біз де «Астана», «Шалқар», Қазақ радиосында қызмет атқаратын әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін – Дүниежүзілік радио күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84342/)