Қазақ радиосының «Алтын қорында» алтынға бергісіз дауыстар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының «Алтын қорында» алтынға бергісіз дауыстар бар

13.02.2014
Қазақ радиосының «Алтын қорында» алтынға бергісіз дауыстар бар
 
Серғазы Тұрсынбай қазақтың танымал тұлғаларының дауысын бірден таниды. Өйткені, ол Қазақ радиосы «Алтын қорының» негізін қалаушылардың бірі.
 
«Мұнда тарихи маңызы бар, көркемдік құндылығы жоғары шығармалар сақталып келеді»,-дейді ол.
 
Қазақ радиосы өз хабарларын тұңғыш рет сол кездегі астанамыз – Қызылордадан таратты. Алматы радио станциясы 1931 жылдың 1 мамырында ашылды.
 
II Дүниежүзілік соғыс кезінде радионың маңызы зор еді. Өйткені, ол кезде майдандағы жауынгерлердің ерлігі туралы хабарлар үнемі беріліп отыратын. Міне, осы кезден бастап Қазақ радиосының «Алтын қоры» қалыптаса бастады.
 
Қазақ радиосының «Алтын қорында» ұлт мүддесін ұлықтаған аға-апаларымыздың дауыстары бар. Небір саңлақ әнші-жыршылардың қайталанбас дауыстарын, ойнаған аспап үндерін де осы қордан табасыз. Талай жанның күш-жігерімен қалыптасқан «Алтын қорда» 100 мыңнан аса жазба сақталған.
 
Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Латиф Хамиди, Мұқағали Мақатаев, Сәбит Мұқанов, Шахмет Құсайынов, Сәттар Ерубаев, Тайыр Жароков және т.б. тұлғалардың таспаға түскен дауысы бар.

Хабарламаларға жазылу