![Еуроодақпен қауымдастық туралы келісім тиімсіз әрі қауіпті болды - Виктор Янукович](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34844.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ресми Киев қол қоюдан бас тартқан Украинаның Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімі тиімсіз әрі қауіпті болды. Бұл туралы украиналық «Интер» телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Виктор Янукович мәлімдеді.
«Біз тауып-байқаған қатерлер еліміздің ұлттық мүддесіне мүлдем сәйкес келмеді. Бұл келісім тиімсіз және қауіпті», - деді Янукович. Оның сөзіне қарағанда, аталған келісім бекітілген жағдайда, біріншіден, украиналық экономиканың аграрлық секторы мен ауыл шаруашылығына зардабы тиер еді.
Януковичтің айтуынша, елдегі наразылық акцияларына ЕО-мен қауымдастықтың жай-жапсары туралы халықтың жеткіліксіз деңгейде ақпарат алуы себеп болды.
«Соңғы уақытта осы арман мен қиял адамдарды наразылыққа алып келді», - деді Янукович.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуроодақпен қауымдастық туралы келісім тиімсіз әрі қауіпті болды - Виктор Янукович&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84384/)