![Қазгидромет: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34925.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ресейдің Еуропа бөлігінен ауысқан циклонның салдарынан бүгін Қазақстанның басым аумағында күн бұлтты болып, жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.
Оңтүстік және Батыс Қазақстанда тұман түсіп, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда боран болуы ықтимал. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Сондай-ақ, циклон салдарынан алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, 3-8 градусқа жылынады.
Бүгін Астанада ауа температурасы -4 градус. Желдің екпіні – 8 м/с.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84465/)