![Шығыс Қазақстан облысында ертең ауа райы бұзылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34948.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытып, кейбір аймақта қалың қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Хабарламада боран соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, ал Жарма ауданында 25-28 м/с дейін жетеді делінген.
Сондай-ақ, облыстың төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні жүріп, бұрқасындатуы мүмкін болғандықтан, облыс тұрғындарына елді мекеннен ұзап шықпауды ескертеді.
Таулы аймақта қар көшкіні болуы ықтимал. Жыл басынан бері массасы 5 тоннадан асатын 7 қар көшкіні болған. Осы орайда «Қазселденқорғау» мамандары тау маңына қар тежейтін қалқандар орнатты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында ертең ауа райы бұзылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84488/)