![Теміртас Жүсіпов жекпе-жекте есе жіберіп алды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34985.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниежүзілік бокс сериясының аясында «Астана арландары» Гаванада жергілікті «Куба Домадорес» командасымен кездесуде. Шаршы алаңға алдымен жеңіл салмақтағы боксшылар көтерілді. Қазақстандық команданың бас бапкері Сергей Корчинский бұл жекпе-жекте Теміртас Жүсіповке сенім артты. Бұл - жас боксшының «арландар» сапындағы алғашқы жекпе-жегі.
Теміртас Жүсіпов - Иорданияда өткен Азия чемпионатында бас жүлде алған боксшы. Ал оның қарсыласы – Йосбани Вейтиа қазақ жанкүйерлеріне етене таныс. Кубалық боксшы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Біржан Жақыповтан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Йосвани Вейтианың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, екі команда да плей-офф жолдамасына ие. Олар турнир кестесіндегі бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміртас Жүсіпов жекпе-жекте есе жіберіп алды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84525/)