![Бейбіт Шүменовтің Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34990.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, америкалық Бернард Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде Вашингтонда өтеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Бейбіт Шүменов соңғы кездесуін словакиялық Тамаш Ковачпен өткізіп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған.
Ал америкалық боксшы соңғы жекпе-жегін 26-қазанда Каро Муратпен өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Хопкинс бокс тарихындағы жасы ең үлкен Әлем чемпионы саналады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бейбіт Шүменовтің Хопкинспен жекпе-жегі 19 сәуірде өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84530/)