![Қазақстанда жексенбіде күн суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34997.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда жексенбі күні циклоннның ықпалымен қар жауып, бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Жаңа Жер ауданында қалыптасқан арктикалық ауа Қазақстан аумағына ауысып, антициклон республикаға Сібір аязын әкеледі.
Жексенбі күні республиканың батысында түнгі темпаратура -22, -30 градус аязға дейін төмендейді.
Солтүстікте, ал дүйсенбі күні шығыста және орталықта -30, -35 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -15, -20, кей жерлерде -25, -30 градусқа дейін аяз болады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында аяздың -40 градусқа дейін жетуі ықтимал. Мұндай температура климаттық нормадан -8, -15 градус төмен.
23-24 ақпанда Ақмола облысында түнде ауа райы -30, -35 градусқа дейін, кей жерлерде -38 градусқа дейін төмендейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жексенбіде күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84537/)