![Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз сақталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35004.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысының кей аймақтарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м жетіп, боран болуы мүмкін. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 м дейін күшеймек. Ал Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Мұнда да желдің күші секундына 15-20 м дейін жетеді.
Бүгін түнде Қарағанды, Қызылорда облыстарында, сонымен қатар Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз сақталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84544/)