![Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76048.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралды Астанада өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру - біз үшін Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне шығатын көпір болмақ. Ертең осы маңызды шараға орай, елімізге Вьетнам Премьер-министрі арнайы келеді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.
Бүгінгі жиында Бурабайда өтетін Еуразиялық одақ елдері Премьер-министрлерінің Үкіметаралық кеңесінде талқыланатын мәселелер нақтыланды.
Атап айтқанда, одақтың жұмысы, өзара сауда-экономикалық қатынастар жайы, оның ішінде салаарлық мәселелерге қатысты ауылшаруашылық техникаларын бірігіп шығару, жеңілөнеркәсіп, жүк тасымалы, алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.
Нұргүл САҒИТҚЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8456/)