![Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35067.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Н.Назарбаев 11 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. Бұл туралы Мәскеу-Астана арасында өткен бейнекөпір барысында танымал ресейлік саяси сарапшы Алексей Власов мәлім етті.
«11 наурызда Қазақстан Президенті халықаралық конференция аясында Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында тағы да дәріс оқитын болады», - деді ол.
Айта кетейік, 20 жыл бұрын, 1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды.
Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция - қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84607/)