![Астанада «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35100.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1-8 наурыз аралығында Астанадағы Конгресс-холлда халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады astana.kz сайты.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында ұтыс ойыны өткізіледі, би, ойын-сауық бағдарламасы өткізілмек.
Көрме-жәрмеңкеде сыйлық жиынтықтары, кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, косметика, парфюмерия, ойыншықтар, тоқыма, денсаулыққа және үйге арналған тауарлардың мол таңдауы ұсынылады.
Еске сала кету керек, көрме-жәрмеңке 1-8 наурыз аралығында сағат 10.00-20.00 өтеді. Кіру тегін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84640/)