![Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің нақты мерзімі наурызда белгілі болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35115.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің нақты мерзімі наурыз айында белгілі болады. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.
Үкімет басшысы ДСҰ-ға ену бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан еліміздің мамандары жоғары білікті кәсіби адамдар екенін айта келе, «Олар Қазақстан мүддесін қорғап, ДСҰ-ға қазақстандық талаптармен кіруді мақсат етіп отыр. Бұл келіссөздердің үдерісі 10 жылдан астам уақыт жалғасып келеді және біз ДСҰ-ға енудің алдында тұрмыз.
Наурызда осы ұйым құрамына кірудің соңғы конфигурациясы Вашингтонда белгілі болады. Осы орайда наурыз-сәуір айларында ДСҰ-ға биыл немесе алдағы жылы кіретіндігімізді нақты білетін боламыз. Бізге тиімді жағдайды қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек», - деді.
Сөз соңында С. Ахметов ағымдағы жылы аталған келіссөздер үдерісін аяқтауға барынша күш-жігер салу керек екенін қадап айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің нақты мерзімі наурызда белгілі болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84655/)