Бір топ қарулы адам Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласының теміржол вокзалына шабуыл жасап, 27 адамды өлтіріп, 109 адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:00-де болған. Жараланғандар ауруханаға жеткізілуде.
БАҚ мәліметтерінше, бірнеше қылмыскер оқиға орнында жойылды. Қарулы топтың бұл әрекетіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лаңкестер Қытайда 27 адамды өлтіріп, 109 адамды пышақтап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84705/)