![Лупита Нионго «Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Құлдықтағы 12 жыл» фильміндегі рөлі үшін кениялық актриса Лупита Нионго «Оскар» сыйлығының «Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алды.
«Оскардың» 86-шы салтанатты марапаттау рәсімі Лос-Анджелестің «Dolby» театрында өтуде.
Айта кетейік, бұл аталым бойынша бақ сынағандардың қатарында Салли Хокинс («Жасмин»), Дженнифер Лоуренс («Америкалық алаяқтық»), Джулия Робертс «Тамыз», Джун Скуибб («Небраска») бар-тын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Лупита Нионго «Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84730/)