![Еуро бағамы 50 рубльден асып түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35208.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәскеу биржасындағы сауданың алғашқы минутында доллар бағамы 86 тиынға өсіп, 36,75 рубльді құрады. Бұл - ең жоғары көрсеткіш.
Ал еуро құны 1,24 рубльге артып, 50,82 рубльді құрады. Сауданың алғашқы минуттарында ең жоғары көрсеткіш – 51,2 рубльге тең болды.
Доллар бағамының бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2009 жылдың 6-шы наурызында тіркелген еді. Бұл күні америкалық валюта 36,7295 рубльге дейін қымбаттады.
Сарапшылардың айтуынша, рубльдің доллар мен еуроға шаққандағы бағамының құлдырауы Украина төңірегіндегі шиеленісті жағдайға байланысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро бағамы 50 рубльден асып түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84748/)