![Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35251.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әнші «Таңшолпанға» келіп, жаңалығымен бөлісті: «Мерекеге орай наурыз айында әріптесім сопрано дауысты әнші Альфия Каримовамен бірігіп, жеке шығармашылық концерт өткізбекпіз. Қазір соған дайындық үстіндеміз».
Қазан айында Италия елінде өнер көрсетуге келісімшарт жасаған әнші: «Жақында Италияның Верона қаласында өткен X Опера әншілері конкурсына қатысып, «Богема» операсында баритон дауыста басты кейіпкерді орындап, конкурстың жеңімпазы атандым. Сол кезде осы қазан-қараша айларында өтетін опера қойылымына шақырту алдым»,-дейді.
«Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады. Қай елге барсаң да, қазақ өнеріне қатысты жылы лебіздерін білдіріп жатады»,-дейді әнші.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84791/)