![Газбен немесе жанармаймен жүретін көліктердің қайсысы тиімді?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35252.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жүргізушілердің бірі газ қозғалтқышқа зиян десе, екіншісі – көліктің жылдамдығын төмендетеді, деген пікірде.
Газ жану камерасында қаттырақ сығылып, қозғалтқыштың жұмыс істеуін жұмсартады. Сондай-ақ, жұмыс істеу уақытын ұзартады. Бірақ, көлік күші 10 пайызға төмендейді. Осыған байланысты майдың да шығыны азаяды. Ал бұл сіздің қаражатыңызды үнемдейді.
Мамандар: «Газбен жүретін көліктерде ауаны ластайтын улы заттар бензинге қарағанда аз. Егер барлық көлік газбен жүретін болса, қаладағы экология үш есеге таза болады»,-дейді.
Кейбір жүргізушілер көлікте газ иісі болатынын айтады. Бұған мамандар: «Негізі көлікте газ иісі болмайды. Егер иіс шыққан болса, жүйеде ақау бар. Ол ақауды ретке келтіру үшін сертификаты бар орталықтарға келіп, мамандарға көрсету қажет»,-дейді.
Газбен жүретін көліктердің жылдамдықты төмендеткені болмаса, пайдасы көп,-дейді мамандар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газбен немесе жанармаймен жүретін көліктердің қайсысы тиімді?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84792/)