![«Мал баққанға бітеді»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35284.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көптен көріспеген ағайын кездескен жерінде «Мал-жаның аман ба?» деп амандық-саулық сұрасып жатады. Бұл жерде төрт түліктің бірінші кезекте сұралуы тегін емес.
Қазақ ежелден малдың қадірін білген. Оны бағып-күтудің түрлі тәсілдерін де жетік меңгерген. Жазда жайлауға, қыста қыстаққа көшіп, жем-шөбін ерте бастан қамдаған.
Ал бүгінде осы мал шаруашылығының дамуы қалай? Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» өз күшімен қылшық жүнді қой тұқымын өсіріп отырған қойшының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері туралы айтылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мал баққанға бітеді»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84824/)