![Елордалық баскетболшылар ел кубогын иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35288.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Баскетболдан ерлер арасында ҚР Кубогының ойындары аяқталды. Финалда «Астана» мен «Қапшағай» командаларының арасында өтті. Бұл ойында елордалық ұжым 88:76 есебімен басым түсті.
Үшінші орын үшін Ақтау мен Атырау қалаларының командалары тартысқа түсті. Бұл ойын 87:72 есебімен атыраулықтардың жеңісімен аяқталды.
Дәстүр бойынша турнирдың ұйымдастырушылары және төрешілер алқасы Кубоктың бес үздік ойыншысын анықтады:
- «Үздік ойнатушы» - Джерри Джонсон («Астана» БК);
- «Үздік шабуылдайтын қорғаушы» - Янис Блумс («Астана» БК);
- «Үздік жеңіл шабуылшы» - Желенис Эдгарас («Атырау барыстары» БК);
- «Үздік ауыр шабуылшы» - Патрик Калатес («Астана» БК);
- «Үздік орталық ойыншы» - Дмитрий Свиридов («Қапшағай» БК).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық баскетболшылар ел кубогын иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84828/)