![Оқушылар арасында «Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуі» тақырыбында шығармашылық байқау өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35294.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуі» тақырыбында мектеп оқушылары, балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілерінің арасында шығармашылық байқау жарияланды.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлады.
1-7 сынып оқушыларының арасында қоршаған ортаны қорғауға арналған суреттер, фотосуреттер, фотоколлаждар, компьютерлік тұсаукесерлер байқауы өтеді.
8-11 сынып оқушыларының арасында Астана қаласында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында болашақ энергиясына және қалдықтарды жаратуға арналған инновациялық идеялар, жобалар мен өнертабыстар байқауы өтеді.
Байқауға қатысуға өтінімдер 17 наурызға дейін қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар арасында «Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуі» тақырыбында шығармашылық байқау өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84834/)