Түркия YouTube пен Facebook-қа тыйым салмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия YouTube пен Facebook-қа тыйым салмақшы

07.03.2014
Түркия YouTube пен Facebook-қа тыйым салмақшы
Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған 30 наурызда өтетін жергілікті сайлаудан кейін Үкімет интернетке жаңа шектеу енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru. Оның ішінде YouTube бейне сервисі мен Facebook әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін.
 
Бұған Эрдоғанның сыбайлас жемқорлыққа қатысты телефон әңгімесінің бүкіл интернетті шарлап, оның арты жанжалға ұласқаны себеп болуы мүмкін. Еске сала кетсек, әлдебіреулер премьер-министр мен оның ұлы қомақты қаржыны қымқырып қалу тәсілдерін талқылап жатқан жазбаны ғаламторға жариялап жіберген еді.
 
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, үкімет басшысы сауда мәмілелері мен сот төрелігіне де араласқан сыңайлы.
Негізі Түркия парламенті сот шешімінсіз-ақ кейбір сайттарға тыйым салу туралы заңды қабылдап, ақпанда қолданысқа енгізіп те қойған.

Хабарламаларға жазылу