![Жоғалған ұшақта ұрланған құжатпен жүргендер болғаны анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35418.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Малайзия билігі жоғалған Boeing-777-200 ұшағына қатысты тексеру амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды РИА Новости. «Malaysia Airlines» компаниясына тиесілі әуе кемесі сенбі күні Шығыс-Қытай теңізі аумағында жоғалып кеткен.
Ұшақ бортында Италия және австриялық азаматтардың құжатын ұрлаған 4 жолаушы анықталған. Тексерісті Федералды тергеу бюросы жүргізуде. Бүгін ұшақты іздестіру операциясына Вьетнам, Қытай, АҚШ, Филиппин елдерінің 40 әскери және құтқару кемесі жұмылдырылды.
Айта кетейік, Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған әуе кемесінде 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған.
Айта кетейік, Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған әуе кемесінде 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жоғалған ұшақта ұрланған құжатпен жүргендер болғаны анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/84958/)