Генри Фордтың соңғы немересі өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генри Фордтың соңғы немересі өмірден өтті

10.03.2014
Генри Фордтың соңғы немересі өмірден өтті
Танымал автомобиль компаниясының негізін салушы Генри Фордтың соңғы немересі Уильям Клэй Форд (үлкені)  АҚШ-та 88 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ВВС.
 
Уильям Форд Детройт қаласында өзінің үйінде пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды.
 
Ол Ford автомобиль концернін 60 жылдай басқарды. Бұл лауазымда 1948 жылдан бастап 2005 жылға дейін қызмет етті.
 
Компанияның ресми мәлімдемесінде, көліктің дизайнын таңдауда оның рөлі маңызды болғаны аталып өтеді.
 
Сонымен қатар, ол Ұлттық футбол лигасындағы «Детройт Лайонс» командасының қожайыны болды.
 
Forbes журналы оның әл-ауқатын 1,35 миллиард долларға бағалады.

Хабарламаларға жазылу