![Волейбол. «Конденсант» - «Атырау» 3:1](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Тараз қаласында волейболдан Қазақстанның ерлер арасындағы Ұлттық лигасының 4-тур ойындары басталды.
«Тараз-Арена» спорт кешенінде жалауын желбіреткен турнирдің алғашқы матчында Оралдың «Конденсант» командасы «Атырау» волейбол клубын 3:1 есебімен жеңді. (25-19, 18-25, 25-12, 25-21).
Сонымен қатар, бүгін «ТНК Қазхром» мен «Есіл», «Шығыс-СвинецСтрой» мен «Павлодар» және «Алматы» мен «Тараз» командалары кездеседі.
Айта кетейік, волейболдан ел чемпионатының 4-ші туры наурыздың 20-на дейін жалғасады. Ең қызықты матчтарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Волейбол. «Конденсант» - «Атырау» 3:1&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85051/)