![«Әпке» телехикаясы қайта көрсетілмек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35532.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген «Әпке» телехикаясы көрермендердің сұрауы бойынша Ұлттық арна эфирінен қайта көрсетілмек.
«Әпке» - жазушы Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қойылды.
Телехикая ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған бауырларына пана болып, өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашатын туынды.
Фильмде нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан, қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әпке» телехикаясы қайта көрсетілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85072/)