![Паралимпиаданың жабылу салтанаты мерекеге толы болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35620.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочидегі Паралимпиада ойындарының жабылу салтанатының шығармашылық директоры және сценарий авторы Константин Эрнст көрсетілімнің паралимпадашы-спортшыларға арналатынын мәлімдеді.
«Сочидегі салтанатты шаралар бір-біріне ұқсамайды. Паралимпиадалық қозғалыстың әлемдегі маңызы зор. Біз мұны жабылу салтанатында көрсетуге тырысамыз. Көрсетілім бойы спортшылар сахнада тұрады», - дейді ол.
«Фишт» аренасындағы жүргізушілердің ішінде әлем жұлдызы Хосе Каррерас, пианист Олег Аккуратов, сонымен қатар 210 адамнан тұратын би ұжымы болады.
Шараның парадюсері - Марко Балич. Танымал продюсер бұл индустрияда 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Оның жобалары - Туриндегі Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, Рио-де-Жанейро мен Лондон ойындарының салтанатты көріністері мен Еуро-2012 біріншілігінің жабылу рәсімі.
Шараның қоюшы-режиссері - Лида Кастелли. Ол - Солт-Лейк-Ситиден Туринге Олимпиада жалауын беру рәсімінің авторы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Паралимпиаданың жабылу салтанаты мерекеге толы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85160/)