![Алматыда жер сілкінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35646.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда сағат 11-ден 32 минут 09 секунд кеткенде жер сілкінді. «ҚР БҒМ СТӘЭ» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі таратқан мәліметке сүйенсек, жерасты дүмпуінің кіндігі Қырғыз Республикасы аумағында, Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 130 шақырымда болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 11.1, магнитудасы MPV 5.1, тереңдігі - 15 шақырым.
Жерасты дүмпулері Саты, Күрменті елді мекендерінің маңында сезіліп, МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балды құраған.
Жерасты дүмпулері Саты, Күрменті елді мекендерінің маңында сезіліп, МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балды құраған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жер сілкінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85186/)