![Жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35650.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Республикалық жолдарда жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл шектеу 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.
Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85190/)