![Зарина Диас іріктеу финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35689.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде (Miami Masters ) іріктеу финалына шықты. Ол жартылай финалда италиялық Камила Джорджиді ұтты. 2 сағат 20 минутқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы - 7:6, 3:6, 6:1.
Турнирдің негізгі бөлігіне шығу үшін Зарина Диас ресейлік Варвара Флинкті жеңуі тиіс.
Сондай-ақ, Майами турнирінің іріктеу кезеңінің финалына Андрей Голубев те шықты. Ол румын Мариус Копилден басым түсті. Ал Александр Недовесов тайпейлік Джимми Вангқа есе жіберіп, жарысты аяқтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас іріктеу финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85229/)