![«Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35740.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада студенттер мен журналистер арасында «Асығың алшысынан түссін» атты республикалық ұлттық ойындар спартакиадасы өтті.
Доданы ұйымдастырушы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және «Абырой» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту корпоративтік қоры.
Мақсат – ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.
Спартакиадаға қатысушылар ұлттық спорт түрлері ләңгі, асық ойыны, жамбы ату, қазақ күресі, арқан тарту және тоғызқұмалақ жарысы бойынша бақ сынасты.
Барлығы 8 команда қатысқан жарыста «Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы ІІІ орын, «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінің жігіттері IV орынға ие болды. Жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85280/)