![Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы биыл 19-шы рет өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76083.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ондағы мақсат – әлемдік экономиканың хал-ахуалын бағамдап, болжам жасау.
Форумның жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Ол жаңа интеграциялық бастамаларға ерекше мән беру керектігін айтты.
Бұл тұрғыда Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай тарапы келешекте қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет.
Сонымен қатар, Ресей басшысының жиында айтқан кейбір сөздері, жақында Қазақстан Президенті жариялаған реформалармен үндес шықты.
Экономикалық форумға барлығы 100 елден 6 мыңға тарта адам келді. Қазақ елінен Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы биыл 19-шы рет өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8529/)