![Қазақстандағы Германия елшілігі Наурыз мерекесімен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35773.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Германияның Астанадағы Елшілігі Мәдениет және ақпарат бөлімінің жетекшісі, саясат сұрақтарының референті, бірінші хатшы Джонни Крамер «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы ұжымын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
«Құрметті, Нұржан Жалауқызы!
Мен Сіздің ұжымыңызды және Қазақ радиосының тыңдармандарын көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Қазақ еліне құт-береке тілеймін. Сонымен қатар, Сізге Астанадағы Германияның елшілігімен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасыңызға алғыс білдіремін», делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандағы Германия елшілігі Наурыз мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85313/)