![Корпорация басшысы Ұлық мерекемен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35781.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы барша халықты және корпорация қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Күн мен түн теңескен Наурыз мейрамы – жаңару мен жасару айы. Наурыз – табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойы.
Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған арман, жоспарларыңыз орындалсын!
Самарқанның көк тасын еріткен, Жаңа жылдың жаршысы атанған ұлық мереке әз-Наурызда Сіздердің шаңырақтарыңызға құт-береке, ынтымақ пен бірлік және баянды бақыт тілеймін!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Корпорация басшысы Ұлық мерекемен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85321/)