![Әнші Шакира Facebook-тағы ең танымал жұлдызға айналды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35842.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі заманда танымал мәдениет қайраткерінің әрбіреуі үшін оның әлеуметтік желілердегі беделінің маңызы артып келеді.
Өткен аптаның соңында Колумбия-америкалық әнші Шакираның жұлдызы жанды. Ол ресми түрде Facebook-тағы ең танымал пайдаланушы ретінде танылды.
Әлеуметтік желінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әншінің парақшасына 86 миллионнан астам адам қосылған, бұл көрсеткіш батыстағы танымал әнші Рианадан 2 миллионға артық. Шакира бұл оқиғаға байланысты өзінің әлеуметтік парақшасында былай деп жазған: «Маған жаңа ғана бүкіл әлемде Facebook бойынша ең көп досы бар адам екенімді хабарлады. Әлі күнге сене алар емеспін. Сіздермен дос болғаныма өте қуаныштымын. Сіздерге алғысымды айтамын, мен шексіз қуаныштымын!».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әнші Шакира Facebook-тағы ең танымал жұлдызға айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85382/)